Үйреншікті сенімділіктің жаңа түрі. Біз жайлылық, қауіпсіздік және қолайлылық сияқты ең құнды нәрселерді қамтып, жаңа динамикалық жобалаумен, жарықдиодты оптикамен және заманауи технологиялармен толықтырдық.
Талғампаз жобалау
Жаңартылған Renault LOGAN дизайны — бұл біздің жаңа көрнекі тұжырымдамамыздың көрінісі. Оның жетілдірілген интерьері мен бірқалыпты, талғампаз желісі бүкіл отбасының көңілінен шығары сөзсіз.
С-тәрізді жарықдиодты күндізгі жүріс шамдары.
Renault фирмалық стиліндегі қос оптикалық фаралар мен С-тәрізді жарықдиодты күндізгі жарық шамдары автокөлікке заманауи және динамикалық көрініс береді.
Салоны кең
Жаңа Renault LOGAN салоны кең және ыңғайлы. Енді артқы қатардағы жолаушылардың иелігінде толыққанды шыны қойғыш және 12V розеткасы бар.*
Жаңа Renault LOGAN-мен жақсы жағдайда саяхаттаңыз!
Электр жетегі, жылыту және бұрылыс көрсеткішінің қайталағышы бар бүйірлік айналар
Электр жетегінің арқасында бүйірлік айналарды тез және оңай баптауға болады. Барынша ыңғайлы болу үшін айналар электр жылытқышпен жабдықталуы мүмкін, ал бұрылыс көрсеткіштерін қайталаушылар дизайнға бұрынғыдан да заманауилық әсер береді.
Климатты бақылау
Климатты бақылау жүйесі салондағы белгіленген ауа температурасын автоматты түрде ұстап тұрады және жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз етеді.
Биіктігі реттелетін жүргізушінің рулі мен орындығы
Отыру ыңғайлы болу үшін руль мен орындықтың биіктігін оңай реттеуге болады.
Нұсқаға байланысты.
Бензобак люгін қашықтықтан ашу жүйесі бар
Бензобак люгі салоннан қашықтықтан ашу жүйесімен жабдықталған, жүргізуші өзі отырған орындықтың сыртқы жағында орналасқан тұтқышты тартса болғаны.
Renault LOGAN автокөлігінде кеңістік және заттарды сақтауға арналған ойластырылған шешім үйлескен.
Жиналмалы орындықтар
Артқы орындықтарды 60/40 қатынасында бүктеуге болады, бұл кеңістікті оңтайландыруға мүмкіндік береді
Сыйымды жүк салғыш
Renault LOGAN-ның жүк салғышының көлемі - 510 л, бұл осы санаттағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Заттар салатын бөліктер
Салонда заттарды сақтауға арналған көптеген орын бар. Қолғап қорабының көлемі 5,7 л, орталық консольдің үстінде киім-кешек бөлігі бар, ал алдыңғы және артқы есіктерде тиісінше көлемі 1,5 л және 0,5 л бөтелкелерді сақтауға арналған қалташалар бар. Диаметрі үлкендеу артқы стақан қойғыш көлемі 0,33 л және 0,5 л стақандар мен бөтелкелерді сенімді етіп бекітуге мүмкіндік береді — енді сүйікті сусындарыңызды төгіп аламын деп қорықпай, қасыңызға қоя аласыз.
Технологиялар
Жаңа Renault LOGAN салонда және рульде барынша жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті технологиялармен жабдықталған!
Борттық компьютер
Жаңа Renault LOGAN-ның борттық компьютері саяхат туралы келесідей барлық негізгі деректерді көрсетеді: келесі жанармай құюға дейінгі болжамды жүріс, отын шығыны, жүріп өткен қашықтық, орташа жылдамдық, келесі техникалық қызмет көрсетуге дейінгі жүріс, борттың сыртындағы ауа температурасы, сондай-ақ қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтығының температурасы*.
* Нұсқасына байланысты.
Жаңартылған Media NAV мультимедиалық жүйесі
7” сенсорлық дисплейі және 2D, 3D түрінде көрсету режимдері бар жаңа буынның мультимедиалық Media NAV навигациялық жүйесі кез келген жағдайда таптырмайтын жерсерікке айналады. Навигация сізге ең қысқа бағытты таңдауға көмектеседі, ал телефонмен синхрондау сүйікті музыкадан ләззат алуға және жолға алаңдамай қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік береді.
Әрбір Renault автокөлігін әзірлеген кезде қашанда қауіпсіздік жағын ойлаймыз және барлық қауіп факторларын ескеретін кешенді шешімдер дайындаймыз.
"Бос қол" режиміндегі қоңыраулар
Bluetooth ® технологиясы жолға алаңдамай, телефон экраны арқылы "бос қол" режимінде қоңырау шалуға, телефонның жазу дәптерін пайдалануға және аудиожүйенің бас құрылғысындағы қоңыраулар тарихын көруге мүмкіндік береді.
Бұғаттауға қарсы жүйе (ABS)
Бұғаттауға қарсы жүйе төтенше тежеу жағдайында автокөліктің басқарылуын сақтауға көмектеседі.
Бағыт тұрақтылығын тұрақтандыру жүйесі (ESP)
Бағыт тұрақтылығын тұрақтандыру жүйесі жүргізушіні жолдың жай-күйіне және климаттық жағдайға қарамастан, көлікті сенімді жүргізуді қамтамасыз ете отырып, басқаруды төмендетуден немесе жоғалтудан сақтандырады.
Балалар орындықтарына арналған ISOFIX бекіткіштері
Артқы қатардағы Isofix бекіткіштерінің арқасында бүйірлік орындықтарға балаларға арналған екі отырғыш, ал ортасына әмбебап бекіту жүйесі бар балалар креслосын орнатуға болады.
Круизді бақылау және жылдамдықты шектеу
Renault LOGAN-да круизді бақылау және жылдамдықты шектеу жүйелері бар. Круизді бақылау жүргізуші белгілеген автокөліктің жылдамдығын автоматты түрде сақтайды, соның арқасында аяғыңызды үнемі газ педалінде ұстап тұрудың қажеті жоқ. Жылдамдық шектегішін жылдамдық режимінің шектеулеріне байланысты баптауға болады, бұл ереже бұзу мен айыппұл төлеуге жол бермейді.
Біз сенімді екеніне сенімді болып жүруге болатын көлік жасадық. Қазақстан нарығына шықпас бұрын жаңа Renault LOGAN Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің түрлі елдерінде 1 900 000 шақырымнан астам сынақтан өтті. Құрастыру барысында сынақтың классикалық түрлері ғана емес, сонымен қатар нақты жағдайда төтенше сынақтар да жүргізілді. Жаңа Renault LOGAN Қазақстан үшін жасалды!
Жетілдірілген аспа
Сенімді және энергия сыйымды аспаның арқасында Renault LOGAN кез келген сападағы жолдарға бейім! Автокөлік тегіс асфальтпен де, шоқалақ қара жолмен де сенімді жүреді.
Жоғары клиренс
Жаңа Renault LOGAN-ның жүктемені қосқанда 155 мм, жүктемесіз 172 мм болатын клиренсі жолдағы кедергілерді оңай еңсеруге және ойдағыдай өтуге мүмкіндік береді, отбасылық седан тіпті, аздаған жолсыз жерлермен де жүре береді.
Бағыт тұрақтылығын тұрақтандыру жүйесі (ESP)
Бағыт тұрақтылығын тұрақтандыру жүйесі жүргізушіні жолдың жай-күйіне және климаттық жағдайға қарамастан, көлікті сенімді жүргізуді қамтамасыз ете отырып, басқаруды төмендетуден немесе жоғалтудан сақтандырады.
Алдыңғы әйнекті жылыту
Renault LOGAN-ның алдыңғы әйнегі кіріктірілген электр жылытқышпен жабдықталуы мүмкін. Әйнектің беткі қабатында түгел орналасқан жұқа және көрінбейтін сымдар жылдың суық мезгілдерінде мұз бен қарды оңай және тез тазартуға көмектеседі.
Renault Start қозғалтқышын қашықтан іске қосудың инновациялық жүйесі
Жолға шығар алдында қозғалтқышты қауіпсіз іске қосуға және жылытуға мүмкіндік береді, бұл үскірік қыс немесе аптап ыстық жаз сияқты тіпті, өте төтенше температураларда салонда жайлы температураны қамтамасыз етуге көмектеседі.
Renault LOGAN туралы білгіңіз келетін барлық нәрсе